Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жаңа кітаптар. Қысқы маусым» көрме-қарауы
19.01.2018

Абонементтер бөлімі кітап оқуды ұнатушыларды кітапхананың жаңа әдебиеттер секторында орналасқан жаңадан түскен әдебиеттер көрмесіне шақырады. 

Көрмеге абонементтер бөлімінің жаңа кітаптары қойылған. Олардың ішінде әдеби сыйлықтардың жеңімпазы болған кітаптар, детектив, шытырман оқиғалар және махаббат жанрын толықтырып отыратын кітаптар, тамаша аударылған триллерлер мен бестселлерлер бар.   Бұлардан басқа бұл жерден тарих, философия, құрылыс, дизайн, ақпараттық технология, қолөнер жайындағы және т.б. кітаптарды табуға болады.

Көрменің басындағы кітапхана қызметкерлері кітапхананың толып жатқан ресурсын тиімді пайдалану бойынша тиісті кеңес береді. Көптеп түсіп жатқан жаңа басылымдардың ішінен керек нәрсені тез тауып алуға көмектесу үшін кітапхананың абонементтер бөлімінің қорына түскен жаңа құжаттар (кітаптар) жайындағы ақпарат енгізілген «Жаңадан түскен әдебиеттердің бюллетені» ұсынылады. 

Ұнаған кітапты «сақтатып қоюға» және көрме аяқталғаннан кейін қолға алуға болады.  Ақпараттық көрме-қарау өз жұмысын келесі айдың басына дейін жалғастырады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus