Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жалғыз жолда жалған жоқ»
19.01.2018

17 қаңтарда  Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК әдеби-ақпараттық бөлімі мен әдеби орталығы  В. С. Высоцкийдің 80 жылдығына арналған «Жалғыз жолда жалған жоқ» атты музыкалық-поэтикалық кеш өткізді.

В. Высоцкийдің шығармашылығы бұрынғысынша өзекті болып табылады: жұрт оның әндерін тыңдап немесе өлеңдерін оқып, сондай-ақ оның қатысуымен шыққан фильмдерді қарап қана қоймай, онымен өзінің іс-әрекеттерін, өмірлік ұстанымын салыстырады. 

          Кеш барысында қостанайлық бардтар Дмитирий Говорков пен Дмитрий Корой, «Рисунки ветром» тобы В. Высоцкийдің әндерін орындады,  сондай-ақ бұлардан басқа оның шығармашылығынан шабыт алғанда туған туындылар орындалды. Ақындар өлеңдер оқыса, суретші Г. М. Соков кітапханаға Владимир Семеновичтің екі өлеңінің желісімен салынған суретін  сыйға тартты, әдеби-ақпараттық бөлімнің қызметкерлері жиналған жұрттың есінде жүрер безендірілмелі кітап көрмесін дайындады. А. Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы, профессор Ю. Я. Бондаренко, ЧелМУ  ҚФ жанынан жұмыс істейтін «Галёрка» театр студиясының жетекшісі А. В. Котельникова және актер, режиссер В. А. Захарьев кешке келгендерге өздерінің В. С. Высоцкий жайындағы естеліктерін ортаға салысты.  Шараның қорытындысы бойынша кітапхана қызметкері А. В. Олексюк, шараға қатысқан Ю.  Я. Бондаренко мен Н. Закора «Qostanai’» телеарнасының «Тобыл таңы» бағдарламасында эфирге шықты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus