Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Нағашыбай Мұқатовтың 65 жылдығына арналған әдеби подиум. «Сөзімді, өлеңімді гүлмен өрдім»
02.04.2014

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қазақтың белгілі ақыны, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты,  ҚР Мәдениет қайраткері Нағашыбай Оразбайұлы Мұқатовтың 65 жылдығына орай «Сөзімді, өлеңімді гүлмен өрдім» деген тақырыпта кездесу кеші ұйымдастырылды. Нағашыбай Оразбайұлымен кездесуге ағамыздың қаламдас әріптестері, достары, қаламыздағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты. Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай филиалының төрағасы Ахметчин Ғұмар Ғарифоллаұлы, Мәдениет басқармасы атынан Олжабаева Роза Төлешқызы, Облыстық тілдерді дамыту орталығы атынан Қазымбек Жармағамбетұлы өз құттықтауларын жолдады.

  Филармония әншісі Азамат Мұқатов ақынның сөзіне жазылған «Ағасы бар інілер» бақытты әнін домбырада орындаса, ҚМПИ студенттері өлеңдерін мәнерлеп оқыды. ҚМПИ студенттері Г.Бұхарбаева мен М.Жайықова ақынның «Ерлердің арқасы ғой» атты интермедиясынан көріністі сахналады.

Кітап көрмесі мен презентация ұсынылды. Көрмеге автордың еңбектері, өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер, арнау өлеңдер мен цитаталар қойылды, барлығы 50-жуық  кітап, мерзімді басылымдар қойылды. Көрме келуші қонақтар мен оқырмандардың назарына ұсынылып, үлкен сұранысқа ие болды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus