Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Тарас Шевченко және Қазақстан
02.04.2014

Украинаның ұлы ақыны және суретшісі Т.Г.Шевченконың 200 жылдығы мерейтойын атап өту аясында халықаралық кітаптар бөлімі Украин этномәдени орталығымен бірлесе отырып «Ұрпақтар жадында сақталған ақын» атты тақырыптық кеш ұйымдастырды.

Қонақтар назарына «Шевченконың Қазақ жеріне келгеніне 200 жыл» бейнесюжеті, Т.Г.Шевченконың мерейтойына арналған екі кітап көрмесі, «Ұлы ақын және суретші: өмір, шабыт және шығармашылық» атты көрсетілім ұсынылды.  

Шевченко тек Украинаның ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның да ұлттық ұраны, рухани демеушісі.  Біздің еліміз оны ұлы ақын, суретші және ағартушы ретінде, украин халқының рухани көсемі ретінде құрметтейді.

Оның негізгі шығармаларының қасиетті қазақ жерінде дүниеге келгенін мақтаныш етеміз. Осы жерде оның 500 астам суреті жарыққа шығып, оларда сол кездегі қазақ халқының өмірі мен тұрмысы аса бір сүйіспеншілікпен бейнеленген. Қазақ жерінде айдауда жүріп ол жүздеген өлеңдерін дүниеге әкелді.

Т.Г.Шевченконың қазақ елінде болған кезеңі оның шығармашылығындағы ең жемісті кезең болды, оны «Шевченко және қазақ елі» деген атаумен тұтас бір шығармашылық кезеңге жатқызуға болады. 

Халықтың сөзі «Тарас өлген жоқ, тек демалып жатыр» дегенге саяды. Шынында да ұлы ақынның замандастарына айтқандарының қазіргі кездің өзінде құнын жоймағанына қарап, таңданбасқа амалың жоқ. Осыған қарап Тарас әлі тірі дегенге сенуге тура келеді.      

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus