Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Олимпиадаға қатысушылармен кездесу
09.04.2014

Кітапханада жыл сайын облысымыздың негізгі спортшыларымен және жаттықтырушыларымен кездесу өткізіп тұру игілікті дәстүрге айналды. Осыдан бір ай бұрын барлығымыз спорттың 11 түрі бойынша 58 спортшыдан құралған, ішінде қостанайлық жерлестеріміз де бар Қазақстан құрамасының қатысуымен Сочиде өткен 22 қысқы Олимпиада ойындарын қас қақпай қараған болатынбыз. Қостанайдың спорттық өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі ретінде қаламызға олимпиадаға қатысушыларымыздың – конькимен сырғанау спорты бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Кузин Денистің, конькимен сырғанау спорты бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберіЖигин Александрдің, шорт-трек спорты бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Никиш Денистің оралуын айтуға болады. Олимпиадаға қатысушылармен кездесуге қала жұртшылығы, қаладағы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, Қостанай облысы ІІД оқу орталығының тыңдаушылары, белсенді оқырмандар және БАҚ өкілдері келді. Кездесуге Римма Ғабдуллақызы Ғайсенова төрағалық ететін Мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету мекемелері жұмысшыларының Қостанай облыстық кәсіподақ комитеті демеушілік етті.

Аванзалда олимпиадашыларымыз жайындағы ақпараттар, қостанайлықтар мен Қазақстанның спорттық өмірінен хабар беретін кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған «Біздің олимпиадашылар  - Наши олимпийцы» атты кітап көрмесі безендірілді. Спортшылар жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, Олимпиададан алған әсерлерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus