Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сайын Мұратбековтің «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өтетін әдеби кеш. «Өмір жырын шерте білген»
18.04.2014

15.04.2014  Мәжіліс залы.     

       Л.Толстой ат. ОӘҒК қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімі қазақтың көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтың «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Басында Үшқараның...» және «Жусан иісі» повестері бойынша «Өмір жырын шерте білген» атты әдеби кеш өткізді. Кешке ҚР жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, ақын  Шаяхметов Ақылбек Қожаұлы қатысып, ақынның  жалпы шығармашылығы және автормен кездескені жайлы сөз сөйледі. ҚМУ оқытушысы Төлегенова Шнар Ислямбекқызы шығармашылығына тоқталып, студенттері ақынның «Жусан иісі» повесін сахналады. Ы.Алтынсарин ат. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының қазақ әдебиетінің мұғалімі Нұғыманов Ағыбай Қараұлы өз ойын, пікірін ортаға салып, оқушылары да өздерінің пікірін айтты. Филармония күйшісі Тілеуғабыл Мұрат «Әлқисса» күйін домбырада орындаса, ҚМПИ студенттері Сайын Мұратбековке арнаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. ҚМПИ студенті Рустемова Гүлмира «Басында Үшқараның...» және «Жусан иісі» повестеріне қысқаша баяндама жасады.

       Кітап көрмесі, видео-сюжет пен презентация ұсынылды. Көрмеге автордың шығармалары, өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер, арнау өлеңдер мен цитаталар қойылды, барлығы 40 кітап, 20 мерзімді басылымдар қойылды. Көрме келуші қонақтар мен оқырмандардың назарына ұсынылып, үлкен сұранысқа ие болды. Аудитория 120 адам, көру 600.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus