Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақтың текті қыраны
21.04.2014

«Тарихи лекторий» жобасы аясында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Әбілұлы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Қазақтың текті қыраны» атты портрет-кеш өткізілді.

Әр дәуірдің өзінің бетке ұстар тұлғасының болары белгілі. Оразәлі Қозыбаев Отанымыздың тарихына жанымен де, тәнімен де енген сондай танымал тұлғалардың бірі болды. Оны еске алмасақ,  өткеніміздің бір бүйірі опырылып-ақ тұрған болар еді. Ол қай жерде жұмыс істесе де еңбексүйгіштіктің, талапшылдықтың үлгісін көрсете білді және сонымен қатар жұрттың есінде парасатты, адамгершілігі шексіз, кемеңгер адам ретінде сақталып қалды.

Келушілердің назарына «Қозыбаев Оразалы Әбілұлы» атты библиоргафиялық әдебиет көрсеткішінің көрсетілімі және Оразалы Әбілұлының өмірі мен қызметі жайындағы тамаша басылымдар, сондай-ақ қайраткердің ұлы Ғұмар Қозыбаев әкелген жеке құжаттары қойылған осы аттас кітап көрмесі ұсынылды. 

Оразалы Әбілұлының жанында оны құрметтейтін, сыйлайтын, онымен бірге жүргісі келетін жандар жүздеп саналатын. Кешке келген қызметтестері, достары, туыстары мен туғандары баршаға ортақ бола білген азамат жайындағы пікірлерін ортаға салысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus