Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында.
15.05.2014
Дәстүрге айналған «Бір ел- бір кітап» республикалық акцияның аясында Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның» повесі бойынша оқырман конференциясы өтті. С. Мәуленов ат.гимназияның «Өркениет» пікірталас клубының оқушылары мен ҚМПИ-нің филология факультетінің студенттері қазақ прозасының қаймағы, әңгіме жанрының көркемдік дамуына зор үлес қосқан С. Мұратбековтің сырлы сөздерінен сусындады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы сияқты шығармалар көп насихатталса өмірдің кейбір қалтарыстарында қалып қоятын мәнсіз дүниелер аз болар еді.
Жиналғандар шығарманың маңыздылығы мен, өткен ғасырдың әңгімесі бола тұра өміршең тақырып екенін баса айтты. Бүгінгі жастардың арасында да бойкүйездікке құмар жандар бар екені, оларға тәрбиелік үлгі болатыны әңгімеден үзінділер келтірілді. Оқушылар өздеріне ұнаған кейіпкерлерді ортаға салып, соған сай пікірлерін білдірді. Жиналғандар жазушының басқа да әңгімелерін оқи жүретіндіктерін айтты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus