Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Аялдама оқулары
11.07.2014

         10.07 күні «Летят сквозь даль пленительные строки» бағдарламасы аясында «Золотой фазан» демалыс орнындағы жазғы лагерде ерекше тұрпатта аялдама оқулары кездесуі болып өтті.

         Кездесу басында жүргізуші балаларды «Русское слово открывает миру Дагестан» халықаралық оқу бағдарламасымен, Расул Ғамзатовтың өмірбаянымен таныстырып өтті.

         Оқу үшін «Менің Дағыстаным» лирикалық повесі таңдалып алынды. Талқылау шығарманың атауынан басталды. Аялдама барысында балалар оқығандарын таразылап, өз елінің үш қазынасын мысалға келтірді. Олардың өз Отанын, қаласын, батырларын сүйетіндігін білудің өзі бір қуаныш болды.

         Көптеген сұрақтар қойылды, бірақ ішінде кітаптың сөздеріне берілген мән ерекше есте қалды. Ер балалар мен қыз балалар екіге бөлініп, өмірлерінде кітаптың алар орны мен сүйікті кітаптары мен авторлары жайлы әңгімелесті.

         Оқу барысында балалардың назарына «Очаг мой, Дагестан» атты суретті фотоальбом ұсынылды.

         Кездесу соңында лагердің жетекшілері дағыстандық ақынның шығармашылығына сусындауға осындай мүмкіндік туғызғанымыз үшін бізге үлкен алғыстарын білдірді, ал біз өз кезегімізде кітапты талдау барысында балалардың оқуға деген қызығушылығы оянды, Р. Ғамзатовтың еңбектерін сүйді және кішігірім елге, үлкендер мен салт-дәстүрге деген деген құрметтері арта түсті деген сеніммен оралдық.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus