Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған шара.
23.08.2014

23 тамыз күні өнер бөлімінің қызметкерлері қалалық мәдениет және демалыс бағында қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған шара өткізді. Шара барысында композитор жайында түсірілген деректі фильм көрсетіліп, оның ән жинақтары, мерзімді басылымдардан алынған мақалалар, анықтамалық басылымдар және т.б. қойылған тақырыптық сөре безендірілді. Көрермендер оның шығармашылығы жайындағы әңгімені еліте тыңдап, композитордың атақты әндері орындалған сәтте вальстің ырғағымен дөңгелене жөнелісті. Шәмші Қалдаяқов – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus