Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Халықаралық баспа» бағдарламасы
27.08.2014

Тамыз айының 27 жұлдызында Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒКқонақжайында «Халықаралық баспа бағдарламасы» аясында шарапаты мол, игілікті шара болып өтті. Олай дейтініміз Ыбырай атамыз мектеп ашқан, Ахмет ата қазақ әліпбиін құрастырған терең тамырлы, батырлар мен ақындардың ұрпағы - Қостанай жұртшылығы тағы игілікті істің куәгері болды.Өлкемізге танымал жазушы, ғалым, аудармашы, ҚР Ұлттық Банк төраға кеңесшісі, ҚР мәдениет қайтаркері, ҚР баспа және полиграфия ісінің қайраткері Райхан Мәженқызы келді. Кездесу кешін ақын, журналист- публицист, драматург жерлесіміз Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет жүргізді. Халықаралық баспа бағдарламасының негізгі мақсатымен келген қонағымыз жіті таныстырып өтті. Бұл бағдарламаның жетекшісі ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов осы бағдарлама арқылы қазақ халқының әдебиетін жоғары деңгейге көтеруге,шетел әдебиетшілеріне таныстыруға  зор еңбек етіп жүргені де айтылды.

Райхан Мәженқызының бұл келген қадамы сый- құрметке толы болды. Ол кісі өзімен бірге бағдарлама аясында «Художественная литература» баспасында жарыққа шыққан белгілі жазушы Немат Келімбетовтің кітаптарын арнайы кітапханаларға сыйға тартты. Ол кісінің шығармалары 18 әлем елдерінің тілдеріне аударылған. Енді қазақ  жазушысын орыс , татар, неміс, түрік тілдеріне оқитын болады.Осы баспадан шыққан қазіргі заман әдебиетінің 3 томдық антологиясы атты кітапқа жерлесіміз Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің орыс тіліне аударылған өлеңдері енгізіліпті.

Шараға қатысқан қонақтар өлкеміздің қаламгерлері С.Оспанов, А. Жанғабылов, И.Ағытаев, ардагер ұстаз Б.Көпеш, қаламгер, ҰҚК ардагері Ғ. Маулетов сынды ағалар Астанадан келген қонағымыз Райхан Мәженқызына алғыстарын білдіріп, сыйға кітаптан алып қайтты. 

Қонақжайдың бұл жолғы тыңдаушылары қалалық, аудандық кітапханалардың басшылары мен арнайы кітапханалар жүйесінің кітапханашылары болды. Барлық кітаптар кітапханалар жүйесіне сыйға таратылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus