Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«1960-шы жылдардағы Науырзым»
19.09.2014

19 қыркүйек күні сағат 15.00 Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапханада ауданның құрылғанына 50 жыл толуына арналған «Науырзым» энциклопедиясы» сериясы бойынша шығарылған «1960-шы жылдардағы Науырзым» кітабының тұсаукесері болады.
Мұны жарты ғасыр бұрынғы тарих пен ауданның аяғынан тұруына аянбай еңбек еткен адамдар жайындағы, сол кезеңдегі өндірісті ұйымдастырушылар мен ауыл еңбеккерлері, көп балалы аналар жайындағы әңгіме деуге болады. Басылымға үш жарым мыңнан астам есім мен 400 астам өмірбаян енгізілген.

Кітап авторы Нұғманов Бақытжан Байшораұлы 1963 жылы Семиозер ауданының Семиозер (Әулиекөл) кентінде дүниеге келген. Екі жасынан Науырзым ауданында тұрған ол 1980 жылы Докучаев к. (Қарамеңді) Жамбыл орта мектебін бітіріп шығады. 1984 жылы Свердлов заң институтын бітіргеннен кейін Науырзым ауданы прокуратурасында тергеуші болып істейді және осы жерде отбасын құрады.
Жұбайы – Нұғманова (қыз кезіндегі тегі – Мұқашева) Бибігүл Серікбайқызы, балалары - Әйгерім, Нұргүл, Алмагүл, Нұржан, Қайыржан, немересі – Әлмира.
1991 жылдан бастап Семиозер ауданы прокуратуарсының тергеушісі, кейін прокурордың орынбасары, 1995 жылдан Жітіқара қаласының және Науырзым ауданының прокуроры болды. 1998 жылдан Қостанай облыстық прокуратурасының бөлім бастығы, кейін басқарма бастығы болды. 2002 жылдан ҚР Бас прокуратурасы Департаментінің бөлім, басқарма басшысы, кейін департамент бастығының орынбасары болды. 2006 жылдан Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары. 2007 жылдан көлік прокуратурасы органында жұмыс істеді, 2010 жылдан Бас көлік прокуратурасы (БКП) Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы, 2011 жылдан БКП аппаратының жетекшісі.
ҚР прокуратура органдарының құрметті қызметкері (2006), әділет саласының аға кеңесшісі (2005), ҚР Бас прокуратурасының Құрмет грамотасымен (2004), І дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісімен (2004), «ҚР Конституциясының 10 жылдығы» (2005), «Георгий Жуков» (2006), І дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2011), «Сүлеймен Есқараев – Тұңғыш прокурор» (2014) медальдарымен марапатталған.
Өлкетану бағытындағы «Ежелгі Науырзым (біздің дәуірге дейін)» (2009), «1920-шы жылдардағы Науырзым» (2009), «1960-шы жылдардағы Науырзым» (2014) басылымдарының, «Балаларға бабалары туралы» (2008), «Үлкен қызымыздың тойы» (2012) әдеби-өмірбаяндық кітаптарының, «ҚР БКП мен РФ Орал көлік прокуратурасының бірлескен ақпараттық бюллетені» (2013), «Заңдардың көлікте қолданылуына прокурорлық бақылау жасау» (2013), «Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері. Астана қ. өткен халықаралық конференциялар материалдары» (2013) ғылыми-тәжірибелік құралдарының авторы. Астана қ. тұрады және осы жерде жұмыс істеп жатыр.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus