Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сандық коммуникация дәуіріндегі библиографиялық инновациялар»
19.09.2014

2014 жылдың 18-19 қыркүйегі күндері Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Сандық коммуникация дәуіріндегі библиографиялық инновациялар» облыстық флеш-семинар болып өтті.

       Семинардың мақсаты: кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін одан ары жетілдіру, олардың шығармашылық әлеуеттерін толық қолдану, жұмыстың әдеттен тыс жаңа түрлері мен әдістерін анықтау, қызмет көрсетудің жаңа жолдарын үйрету.

       Семинардың жұмысына Алматы  қ. ҚР ҰК мен Ғ.Сланов ат. Атырау ОӘҒК онлайн түрінде қатысты. Шараға облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың библиографтары қатысты. 

       Дәстүрлі кітапханалық қызмет көрсету түрлерін қолдана отырып қазіргі таңда библиографтың жұмысына қандай жаңалықтар енгізуге болады?   Қандай идеялар пайда болды, қандай тәжірибе жинақталды? Библиограф  басқа қандай салалардан өзіне пайдалы ақпарат таба алады? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға Меңдіқара, Қостанай және Таран ОКЖ, Арқалық қ. № 2 ОӘҒК, Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК әріптестер жан-жақты жауап берді.   Олар өздерінің жетістіктерін және табыстарын, қиындықтарын ортаға салып, оларды шешудің жолдарын қарастырды.

        Семинарға қатысушылардың назарына толық мәтінді базаны қалыптастыру жайында бейнеролик көрсетілді.

Семинардың екінші жартысында РАБИС бағдарламасында библиографиялық сипаттамаларды орналастыру бойынша іскерлік жұмыстар өткізілді. Сабақтың мақсаты – библиографиялық жазбалардың сапасын арттыру, халықаралық МЕМст 7.1-2003 стандарттарына сәйкес келу. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама: жалпы талаптар және құрастыру ережелері, МЕМст 7.12-93 Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі жазбаларды қысқарту, МЕМст7.80-2000 Библиографиялық жазба. Тақырыбы: құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері.

Аудандық кітапханалардың библиографиялық жазбаларына талдау жасалынып, РАБИС бағдарламасы бойынша толтырулардың бірыңғай талаптары бекітілді.  

Семинарға қатысушылар өлкетану бойынша толық мәтінді деректер базасын қалыптастырудың тәртібімен таныстырылды. 

Семинар жоғары деңгейде өткізілді, баяндамалар электронды көрсетілімдермен безендірілді. Семинар соңында ашық пікірталасқа ерік берілді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus