Л.Толстой атындағы ОӘҒК- да Елубай Өмірзақов атындағы Облыстық филармония
жанынан құрылған «Тамаша» сатира театрының жетекшісі Ерғалиев Төрехан Қамбарұлы
мен ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қостанай Меценаттар клубы арнайы сыйлығының
лауреаты Ерғалиева Әлия Әбілқасымқызы мен әзіл-сықақ кездесу кеші өтті.
Мәдени шараға жазушы - сатирик Ахметчин Ғұмар Ғарифоллаұлы, Қостанай
әкімдігі аппаратының қызметкері, танымал журналист Жүнісбеков Мейраш Баймырзаұлы, «Наш Костанай» газеті
редакторының орынбасары Жақсанов Оразалы Отынбайұлы, филармония әншілері
Қадыров Манапбек, Жақсанов Нұржан, шәкірті қалалық телекоммуникация қызметкері
Мұхамбетова Әсел Мизамқызы қатысып, өнер иелерінің еңбек жолдарына тоқталып,
ыстық - ықыластарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
«Тамаша» сатира театрының әртістері өздерінің
әзірлеген «Күйеу таңдау, «Робот келін» атты интермедиялық қойылымын көрсетіп,
ал әншілері Әли Асылай мен Айнұр Бірмұханованың орындауларында әндер шырқалды.
Кешке қатысқан студенттер қауымы өздерінің
сұрақтарын қойып, ризашылықтарын білдірді.
Өнер иелеріне арналған
видеофильм, презентация, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Барлығы – 58 кітап және
12 мерзімді басылымдар, келу саны – 100, кітап
көрушілер – 700. Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институтының, Әлеуметтік білім және Әлеуметтік
техникалық колледжінің студенттері, ІІД оқу орталығының тыңдаушылары, БАҚ
қызметкерлері, кітапхана оқырмандары, барлығы 140 адам қатысты. |