Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Толстойдың табаны тиген жер»
05.11.2014
Қостанай облысындағы кітапхана ісінің басталғанына 120 жыл толуы мен облыстық кітапханаға Лев Толстой есімінің берілгеніне 65 жыл толуына арналған Онкүндік аясында 05 қараша күні кітапхананың жиналыс залында «Толстойдың табаны тиген жер» тақырыбымен кездесу болып өтті.
Кездесуге келген қостанайлық авторлар, ОМ мұғалімдері, қаланың оқу орындарының студенттері, Қостанай облыстық ІІД оқу орталығының тыңдаушылары кітапханашы С.Юсупованың Л.Толстойдың Ясная Полянадағы мұражай-үйінде болған сапары жайында танысты.
Салиха Салиховна өз әңгімесін Л.Н.Толстойдың «Адамның үйі жүрегінің қалаған жерінде» деген сөзімен бастап, Лев Николаевичтің жүрегі Ясная Полянамен мәңгі бірге екеніне сенетіндігін жеткізді.
Ұлы жазушының өмірінен қызықты деректер келтіре отырып ол өн бойынан Толстой өмірінің ізі табылатын Ясная Полянадан алған әсерлерімен бөлісті. Ясная Поляна туралы көрсетілген бейнесюжет жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырды. Белгілі қостанайлық автор А.В.Тарасенко өзінің Л.Толстойдың мекенінде болған сапарындағы естеліктерін ортаға салды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus