Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Көкалатым - киелім» 25.02.2015 | Туған жерінің төл перзенті, ат құлағында ойнап, саумал емген баланың алғаш шығармашылық, тырнақ алды тұңғыш кітабының тұсаукесері осылай аталды. Ал кітаптың аты «Сары дәптер». Тілек білдіріп, пікір айтқан өлкеміздің әдебиетінің марғасқа ақын-жазушыларын тыңдасақ сарғайып беттері түскенше оқылатын, көп жүректерден орын табатын, оқырман көптен күткен туынды болса деген тілектен туған болу керек. Абылай ақынның жырлары, сатирасы, азды- кем әңгімелерімен таныс аға буын ақындар мен, әлеуметтік желілерден, дәптердің кейбір парақшасы қолдарына тиіп үлгерген достары «ақын» деп айтуға хақысы бар деп қолпаштап қойды. Жалпы кеш өте жақсы, көңілді,облыстық театрдың әртістерінің орындауында ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқылса, ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді тыңдау көпшілік үшін жаңалық та болды. Абылай ақын облысымыздың өнерлі азаматтарымен түгелдей қоян-қолтық, шығармашылық байланыста екенін құттықтауға келген қонақтардың ілтипатынан байқадық. Сонымен «Сары дәптердің» тұсауы кесіліп, оқырманға Қазақстан жазушылар одағының Қостанай филиалының директоры Ғ.Ахметчин мен кітапты басып шығарған «Қарлығаш» баспасының директоры Ә.Әмір ағалардың ақ батасымен Абылай ақынның кітабы құтты қадамын басты. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|