Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұрпақтарға қалдырған ғасырлар аманаты» көрмесі
21.01.2015
2015 ж. 21 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында оқу залында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған «Ұрпақтарға қалдырған ғасырлар аманаты» көрмесі жұмыс істейді. Бұл тарихи күн Қазақстанның барлық азаматтары үшін өте маңызды. Мемлекеттің құрылған кезеңіне оралу қазақ этносының тарихы мен дәстүрінің бай екендігін, сондай-ақ мемлекет құру жолындағы тәжірибесінің молдығын көрсетеді.
Көрменің «Ұлы дала мемлекеті» атты бірінші бөлімінде Еуразия континентіндегі далалық өркениеттің әр түрлілігін көрсететін кітаптар қойылған.
Көрменің «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» деп аталатын екінші бөлігінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу процесін көрсететін кітаптар қойылған. Қазақ халқын бір мемлекеттің аясына біріктіруді орта ғасырдағы қазақтардың тарихи дамуы барысы, уақыт талап етті.
«Қазақ билеушілері: еліне еңбегі сіңген ерлер» атты үшінші бөлімде еліміздің дамуына және гүлденуіне зор үлес қосқан қазақ хандары Керей мен Жәнібектің атқарған жұмыстары жайында баяндалады.
Көрмеге Қазақстан тарихының көп жарияланбаған және жеткіліксіз зерттелген жақтарын көрсететін әдебиеттер қойылған.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырамыз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus