Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Жеңістің алтын алқасы» әдеби байқауының ережесі Байқаудың міндеттері: - Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, жерлестеріміздің отанға деген сезімін ояту, қаза тапқан отандастарымызды еске алу.
Байқаудың мақсаты: - Соғыс қаһармандарының ерліктері мен табандылықтарына жұртшылықтың назарын аудару.
- Авторларды жалпы халықтық сипат алған ерліктің ұлылығы мен маңыздылығын ашуға тарту.
- Дарынды деген авторларды анықтау.
Байқауға мемлекеттік және орыс тілдерінде жолданған шығармалар келесідей номинациялар бойынша қабылданады: - шағын проза: А4 парағына жазылған жұмыс 2 баспа беттен аспауы тиіс, - поэзия: өлеңнің көлемі 100 жолдан аспауы тиіс, - поэма: шығарманың көлемі 150 жолдан аспауы тиіс, - публицистика: А4 парағына жазылған 2 баспа беттен аспауы тиіс. Бұрын жарияланған немесе жарияланбаған шығармаларды қағазға басылған және электронды түрде тапсыруға болады. Байқауға облысымыздың тілек білдірген барлық тұрғындары жас ерекшеліктеріне қарамастан қатыса алады. Жұмыстар осы ереже жарияланған күннен бастап 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады. Байқаудың үздік деп танылған жұмыстары «Тобыл толкындары» әдеби альманахының 3 шығарылымына енгізілетін болады. Жеңімпаздарды Әдеби кеңес орталығы жанынан құрылатын Сараптама кеңесі анықтайды. Байқауға жолданатын өлеңдер келесі мекенжайда қабылданады: Қостанай қ., Алтынсарин көш. 111 Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК, әдеби кеңес орталығы. Байланыс телефоны: 500-322 e-mail: lit-center@mail.ru |