Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Л.Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК КММ үздік таңбасы» туралы байқаудың ЕРЕЖЕСІ
«Л.Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК КММ үздік таңбасы»
туралы байқаудың
ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ереже
1.1 Осы ереже «Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК КММ үздік таңбасы» үшін өткізілетін ашық байқаудың (ары қарай – байқау) мақсаттарын, міндеттері мен өткізу тәртібін анықтайды.
1.2 Байқаудың ұйымдастырушысы «Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК» КММ болып табылады.
1.3 Байқаудың нәтижелерін бекіту байқау комиссиясына жүктеледі.
1.4 Байқауды өткізудің мерзімі, шарттары мен нәтижесі ұйымдастырушының ресми сайтына – www.kstounb.kz. орналастырылады.
2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
2.1 Байқаудың мақсаты – қоғамның барлық мүшелерімен жұмыс істейтін беделді мәдениет мекемесі ретіндегі кітапхананың жұмысын көрсететін жаңа таңбаны дайындау.
2.2 Байқаудың міндеті кітапханаға мүмкіндігінше оқырмандарды көптеп тарту, пайдаланушылар, қала тұрғындары мен қонақтары арасында кітап пен кітап оқуды насихаттау, кітапхана мен қоғам арасындағы ақпарат және мәдениет алмасуды дамыту болып табылады.
3. Байқауды өткізу мерзімі
3.1 Байқау 2014 жылдың 1 қарашасы мен 2015 жылдың 1 сәуірі аралығында өткізіледі.
3.2 Байқауға ұсынылатын жұмыстарды қабылдау 2015 жылдың 31 наурызында аяқталады.
3.3 Байқаудың қорытындысы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында – 2015 жылдың 23 сәуірінде шығарылады, нәтижелері облыстық кітапхананың www.kstounb.kz. сайтында жарияланады.
3.4 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2015 жылдың 30 сәуірінде өтеді.
3.5 Қабылдау мерзімі өткеннен кейін тапсырылған жұмыстар байқауға қатысуға жіберілмейді.
4. Байқауды өткізудің тәртібі және шарттары
4.1 Байқауға жастарына шек қойылмастан барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
4.2 Бір адам байқауға қойылған талаптарды сақтай отырып 3 қана жұмыс жолдай алады.
4.3 Байқауға жолданған өтініштерде тілек білдірушінің аты-жөні, электронды мекенжайы, телефоны көрсетілуі тиіс. Бұл мәліметтер көрсетілмеген жұмыстар байқауға жіберілмейді.
4.4 Байқауға қатысуға жіберілетін өтініштер мен жұмыстарды «Үздік таңба» белгісімен metod2009@mail.ru электронды поштасы арқылы байқау комиссиясының мекенжайына жолдау қажет немесе Алтынсарин көш. 111 – кітапханаларды дамыту бөліміне тапсыру керек.
4.5 Жұмыстар техникалық тапсырыстың негізінде орындалады (1-қосымша).
4.6 Байқаудың қорытындысын байқауға қатысушылар ұсынған материалдардың негізінде байқау комиссиясы шығарады.
4.7 Байқаудың жеңімпаздарын анықтау байқау комиссиясы мүшелерінің дауыс берулері арқылы жүзеге асырылады. Жеңімпаздарды анықтау барысында келесідей талаптар:
- материалдың байқаудың мақсаттарына сәйкес келуі;
- ұсынылған жұмыстың жаңашылдығы, өзгеге ұқсамайтындығы және орындалу сапасы;
- іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі ескерілетін болады.
4.8 Байқаудың жеңімпаздарын байқау комиссиясының мүшелері анықтайды.

«Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК КММ
үздік таңбасы» туралы байқау
Ережесінің 1-қосымшасы

Байқауға қатысушыларға арналған
техникалық тапсырмалар

1. Таңба ретінде өзіндік эмблема (фирмалық белгі) және мекеменің екі тілдегі – қазақша «Л.Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК» КММ, орысша КГУ «Костанайской ОУНБ им. Л.Н.Толстого» толық және / немесе қысқартылған атауы танылады.
Таңбаға түсірілген идеялар облыстық кітапхананың беделін арттыратындай, пайдаланушылар мен облыстық кітапхананың серіктестерінің оң көзқарастарын қалыптастыратын және оны шығармашылықпен байланыстыратындай болуы тиіс.
2. Байқауға ұсынылатын таңбаларға қойылатын талаптар:
- Таңбаны дайындау барысында ҚР «Тауар белгілері, қызмет түрлері және тауар өндірілген жердің атауын көрсететін белгілер туралы» (2007ж.02.03. қарсаңындағы өзгертулермен және толықтырулармен бірге) заңында көрсетілген талаптар ескерілуі тиіс;
- таңба басқаға ұқсамайтын және кітапхана жұмысының ерекшелігін көрсететін болуы тиіс;
- таңбамен бірге онда бейнеленген бейнелердің сипаттамасы және таңбаның жалпы идеясы – бейнелілігі, басқалармен байланысы жазбаша тапсырылуы тиіс.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus