Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Байтасұлы, А. Көркем әдебиет туралы 74.03(5Қаз) Б 20 Байтасұлы, А. Көркем әдебиет туралы [Мәтін] : төл еңбегі мен көсемсөздер жинағы / А. Байтасұлы ; [құраст. Ұ. Сәйдірахманұлы ; жалпы ред. бас. Е. Тоқтарбай ; Qyr balasy қоғамдық қоры ; Ә. Бөкейхан атындағы «Алаш» ҒЗИ Ғылыми кеңесі ; ҚР Орталық мемлекеттік архиві]. – Нұр-Сұлтан : Qyr balasy, 2021. – 237 б. : портр. – (Алаш кітапханасы).
Кітапта репрессия құрбаны, ұлттық білім беру ісінің негізін қалаушылардың бірі Абдолла Байтасұлының туындылары жинақталған. Ол – Ахмет Байтұрсынұлы жетекшілік еткен Білім кеңесінің белсенді мүшесі, мектепке арнап оқу құралдарын әзірлеген алаш оқығандарының бірі. XX ғасырдың басында дүниеге келіп, 30 жасына жетпей кеңестік қудалауға ұшыраған Абдолла – санаулы ғұмырында қажетті кітаптар жазып, көсемсөздерімен көзге түскен көрнекті қаламгер. Сонымен бірге журналистігі мен ұстаздығы бір-бірімен біте қайнасқан талант иесі. Қолдарыңыздағы бұл жинаққа оның төл кітабы мен басылымдарда жарық көрген көсемсөздері топтастырылып отыр. Кітап ұлт руханиятына қызығатын көпшілік оқырмандарға арналған. Сондай-ақ көсемсөздің үздік үлгілерімен танысқысы келетін зерттеуші қауым үшін де құнды еңбек. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|