Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Сабырбаев, Ә. С. Қарақұм құрылтайы. 1710 жыл және 1726 жыл 63.1 С 12 Сабырбаев, Ә. С. Қарақұм құрылтайы. 1710 жыл және 1726 жыл [Мәтін] / Ә. С. Сабырбаев. – Қызылорда : Тұмар, 2023. – 284 б.
Автордың окырман назарына ұсынып отырған 1710 және 1726 жылдары, Арал маңындағы Қаракұмның сілемінде өткен құрылтайды, тарихта «Қарақұм кұрылтайы» деп атайды. «Қарақұм кұрылтайы» туралы кеңестік және шетелдік тарихшылар, зерттеушілер, жазушылар, журналистер қалыптастырған көзкарасты жаңаша қарауға бетбұрыс жасау. Кіші жүз ханы Әбілкайырдың, қазақтың елдігі мен жері үшін, бар өмірін еліне арнағандығын, бұған дейін жарық көрген тарихшылардың еңбектеріне сараптама жасай отырып, пікір білдіру. 1710 жылғы кұрылтайдың Арал маңындағы Қарақұмда өткізілуі, Кіші жүз Әлім руларының билері мен батырларының ұйымдастыруымен, жоңғар, қалмақ, қазақ-орыс шапқыншылығына қарсы тұруға, Кіші жүз ханы деп Әбілқайырды хан сайлайды. Екінші рет 1726 жылы кұрылтай Қаракұмда өтуі, Кіші жүз Әлім тайпасының (Шекті мен Қаркесек) басшылығымен, Үш жүз билері мен батырлары бір шешімге келе отырып, ортақ жауға қарсы соғысуға, Кіші жүз ханы Әбілқайырды Үш жүз әкерлерінің бас қолбасшысы етіп сайлайды. Оқырманға ұсынып отырған автордың жаңатуынды, сол кезеңдегі тарихи окиғалар мен ел билеген билердің, батырлардың қазақ жерінің біртұтастығын сақтаудағы Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан туралы жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған ізденіс. Кітап тарих сүйер көпшілік оқырман қауымға арналған. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|