Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әлім, Қ. Міржақып Дулатұлы
83.3(5Қаз)6
Ә 55
Әлім, Қ.
Міржақып Дулатұлы [Мәтін] : ғұмырнама / Қ. Әлім. – Астана :
Фолиант, 2025. – 493 б. : сурет. – (Нартұлға)
.

Міржақып Дулатұлы – Алаш қозғалысының белсенді қайраткері, жазушы, ақын, драматург, жорналшы, XX ғасырдын бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. Өзге еңбектерін былай қойғанда, «Оян, қазақ!» жинағындағы барша шығармалары отарлық қанауға ұшы- раған қазақ халқының басындағы келелі де күрделі мәселелерді қозғап, бүкіл елді күреске шақырғанымен құнды.
Жазушы Қайсар Әлім осынау дара тұлға туралы қалам суытпай, іздене еңбектеніп келеді. Ол 1992 жылдың 1–18 қыркүйегі аралығында бұрынғы Торғай облысынан жасақталған арнаулы экспедицияның мүшесі ретінде Міржақып Дулатұлының мүрдесін 57 жылдан соң Карель АКСР-інің Сосновец стансасындағы қабірден алып, туған топырағына – Жангелдин ауданының М. Дулатұлы атындағы қауымдастықтың орталығына қайта жерлеудің басы-қасында болды. Нәтижесінде тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы осынау алабөтен оқиғадан алған әсерін М. Дулатұлының өмірімен тығыз сабақтастыра отырып баяндайтын хикаят-сапарнама жазды.
Автордың «Нартұлға» сериясымен жарық көрген бұл кітабында М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылық кезеңі, сондай-ақ тәуелсіздік жолындағы табанды күресінің жарқын тұстары танымдық әрі көркемдік жоғары деңгейде сипатталады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus