Тәуелсіздік
күні қарсаңында Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалы мен Л.Н.
Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Ақындардың жырындағы азаттық»
тақырыбында өңір жазушыларымен онлайн әдеби кездесу өткізді.
Іс-шараға
жергілікті Жазушылар одағының мүшелері, ақындар мен жазушылар, сондай-ақ
облысымыздың әр өңіріндегі шығармашыл жастар қатысты. Кездесудің мақсаты
егемендікті қастерлеу, шығармашылық өкілдерінің
түрлі ұрпақтары арасындағы байланыстарды жандандыру және одан әрі
нығайту болды. «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков елдегі
эпидемиологиялық жағдайға байланысты көптеген жобалар мен іс-шаралар жүзеге
асырылмағанын атап өтті. Алайда, онлайн режімінде бас қосып, сөйлесіп, өз ойларымен
бөлісетін жастардың іс-әрекеті аға буынды қатты қуантады. Дегенмен, Ж.
Аязбековтың айтуынша, жас жазушылар бұл жағдайда белсенділікті арттыра түсулері
қажет. Ұйымдастырушылар жақын арада елдегі жағдай жақсарып, барлық жастағы
жазушылар қалыпты жағдайда бас қосатын және бірлесе жұмыс істей алатын болады
деген болжам жасады.
Қарау үшін сілтеме бойынша
өтіңіздер:https://youtu.be/DKLVrX8EgUw |