Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сәкен Сейфуллиннің адамгершілік мұрасы
25.12.2020

2020 жылдың 23 желтоқсанында өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби- ақпарат секторының меңгерушісі А. В. Олексюк «Сәкен Сейфуллиннің адамгершілік мұрасына арналған парасаттылық сағаты» атты онлайн іс-шараға қатысты.Оны ЧелМУ Қостанай филиалының филология кафедрасы дайындады.Тұңғыш Президент Н. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында халықтың рухани құндылықтарын сақтауға және насихаттауға шақырды. Бұл іс-шара Сәкен Сейфуллиннің қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік дамуында қандай рөл атқарғанын, бұл адамның барлық қазақстандықтар үшін қаншалықты қымбат екенін көрсетуге арналды.

А. В. Олексюк өз сөзінде Сәкен Сейфуллиннің ақын, прозашы, драматург, публицист, әдеби сыншы, ғалым, педагог, мемлекет және қоғам қайраткері сияқты сан қырлы тұлға болғанын атап өтті. Ол өз шығармаларында автордың азаматтық ұстанымын, өнердің тәрбиелік мәнін бірінші орынға қойды.  Сондықтан оның барлық жанрдағы шығармаларының басты ерекшеліктерінің бірі мәселелердің өзектілігі, өз заманының өзекті мәселелерін көтеру және оларға терең әлеуметтік талдау жасау болып табылады. Сәкен Сейфуллин әлі күнге дейін көрнекті тұлға ретінде, Қазақстанның рухани өміріндегі ең жарқын құбылыстардың бірі ретінде толық ашылған жоқ.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus