Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шығармашылығы мен өмірі жұптасқан жан»
10.03.2021
Құрметті оқырмандар! Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г.Абдулинаның шығармашылық жұмысының 30 жылдығына арналған «Шығармашылығы мен өмірі жұптасқан жан» бейнекездесуін ұсынады.

 Жауапкершілік және репертуарды шығармашылық талғаммен таңдау, әртістілік және кәсіби шеберлік әншінің Қазақстанның вокалдық мектебінің ең жарқын өкілдерінің қатарына қосылуға және оны Ресейдің, Францияның үздік концерттік алаңдарында лайықты көрсетуге мүмкіндік берді.

Оның қатысуынсыз облыстың бір де бір үлкен мерекесі өткен емес. Қостанайлық әншінің сыңғырлаған дауысы кез келген тыңдаушының – концерт залындағы камералық шығармаларды тыңдап жүрген вокалдық өнер білгірінің де, аяқ астынан ұйымдастырылған сахнаның алдындағы қарапайым тыңдарманның да көңілінен шығары анық.

Гүлбану Сұлтанқызы – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, облыс әкімінің және Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=vMRUgchcE0w
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus