Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наурыз – жыл басы, жақсылық жаршысы»
15.03.2021
Құрметті оқырмандар! Көктемнің керемет мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі барлығыңызды «Наурыз – жыл басы, жақсылық жаршысы» атты кітап көрмесімен танысуға шақырады.

«Дәстүрлі Наурыз» деп аталатын көрменің бірінші бөлімінде ежелгі мерекенің тарихы туралы, қазақ халқының мәні мен мағынасы мол салты мен дәстүрі жайында әңгімелейтін «Магия Навруза», «Быт и культура казахского народа», «Традиции и обряды казахского народа»  басылымдары қойылған.

Көрменің екінші бөлімі «Наурыз – береке бастауы» деп аталады.  Бұл бөлімнен мерекелік дастарқанға арналып қандай ұлттық тағамдар дайындалатыны туралы материалдарды таба аласыздар. Бұл жердегі басты нәрсе мерекелік тағам – наурызкөжені дайындау бойынша кеңестер берілген. Бұлар жайында оқырман «Национальная кухня казахов», «Қазақстан әйелдері», «Дәстүр», «Пайдалы кеңестер» секілді кітаптар мен журналдардан біле алады.

Наурыз мерекесінде қандай әндер айтылып, ақындардың не туралы жырлайтынын, қандай ойындар ойналып, қандай салт-дәстүрлер көрсетілетіні туралы көбірек білгісі келетіндер үшін «Наурыз той-думан!» бөлімі пайдалы болмақ. Бұл бөлімге қойылған «Достық тілеп, қостық тілек!», «Национальная одежда казахского народа» басылымдарының және «Жұлдыздар құттықтайды», «Қазақ әндері», «100 таңдамалы ән», Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» ән жинақтарының келушілер үшін көмегі көп болмақ.

Біздің көрмелерімізді көріңіздер, іс-шараларымызға қатысыңыздар. Сіздерді асыға күтеміз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus