Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Рухани жаңғыру – жарқын болашақ кепілі»
17.03.2021

 Әмбебап оқу залында «Рухани жаңғыру – жарқын болашақ кепілі» атты жылдық көрме безендірілді. 2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланды.

Бұл бағдарлама нақты қадамдарды атап өтіп, елді жаңару мен жаңа идеялар арқылы өзінің жарқын болашағын құрудың бірегей тарихи мүмкіндігін пайдалануға шақырады. Оқырмандарға ұсынылған әдебиеттер бағдарламалық мақаланың мазмұнын көрсетеді.

«Горизонты национальной истории» монографиясы Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндіктеріне, оның халықаралық қоғамдастықтағы рөлін арттыруға, қазақстандық қоғам өміріндегі жаңғырту үдерістерінің серпініне арналған.

«Сакральные объекты Казахстана общенационального значения» кітабы – рухани құндылықтарды жаңғырту бастамасы. Бұл басылым ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, мәдениетті одан әрі байытуда, қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Оқырмандарға ұсынылған еңбек туған өлкенің табиғи және тарихи ескерткіштеріне қызығушылық танытқандар үшін баға жетпес жолсілтеме болады.  

Студенттерді, оқытушыларды және барлық тілек білдірушілерді осы және басқа да экспозиция материалдарымен танысуға шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus