Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наурыз – жыл басы, жақсылық жаршысы»
19.03.2021
2021 жылдың 19 наурызында көптен күткен Наурыз мерекесі қарсаңында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК жиналыс залында «Наурыз – жыл басы, жақсылық жаршысы» атты әдеби сағат өтті. Мерекелік іс-шараға Қазақ зағиптар қоғамы филиалының белсенділері мен Облыстық мүгедектерді оңалту орталығынан қонақтар шақырылды.

Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша іс-шара шашу шашудан басталды, бауырсақ мерекенің сәнін келтіре түсті.

Еріктілер ретінде тартылған Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері қонақтарды қарсы алып қана қоймай, сахнадан осы мерекенің тарихы, салт-дәстүрлер, қазақ халқының мереке кезіндегі дәстүрлі ойындары туралы, осы күндері қандай тағамдар дайындалатыны туралы айтып берді.

Әуесқой әртістердің сахнаға шыққан алғашқы минуттарынан-ақ мерекелік ахуал айқын аңғарылды. Келденов Әли мен Исмадьярова Гүлқайша жиналғандарды «Анашым», «Өмір гүлім», «Хороши весной в саду цветочки» әндерімен қуантты.

Бұл залда бейжай отырғандар болған жоқ, барлығы түрлі халықтардың мақал-мәтелдерін бірге еске түсірді, «Орамал тастау», «Кто быстрее» секілді байқауларға қатысты.

Қазақтар ежелден сөздің құдіретті күшіне сеніп келеді. Осы сенімнен "бата беру" салт-дәстүрі дүниеге келді. Халық  жақсы сөз бақыттың жартысы деп сенеді. Залда отырған ақсақал жиналған жұртқа өзінің батасын берді.

Іс-шара жиналғандардың бір-біріне ізгі тілек айтуымен аяқталды.

#ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus