Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Чернобыль: бейбіт заманның қасіреті мен қаһармандары
22.04.2021
Ақпараттық  дерекнама (интернет-ресурстардан алынған материалдар)

Құрметті пайдаланушылар!

Әмбебап оқу залы Чернобыль АЭС апаттың 35 жылдығына арнап «Чернобыль: бейбіт заманның қасіреті мен қаһармандары» атты ақпараттық  дерекнама дайындады.

Чернобыль АЭС-ндағы Чернобыль апаты, Украина. 1986 жылдың сәуірінде 4-ші энергоблокта апат орын алды, нәтижесінде Украинаның, Беларусьтың, Ресей Федерациясының Брянск және Калуга облыстарының көп бөлігі радиоактивті ластануға ұшырады. АЭС-нан 30 км қашықтықта тұратын халық біртіндеп көшірілді. 1986 жылдың қараша айында төтенше жағдай оқшауланды. 2021 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 35 жыл толады.

Чернобыль атом электр станциясының жарылған атом реакторы қарапайым өндірістік апат емес, бұрын-соңды болмаған әлемдегі ең үлкен технологиялық апат болды.

Оның салдары 1986 жылдан 1990 жылға дейін төрт жыл бойы жойылды. Осы жылдар ішінде мыңдаған адамның тағдыры тас-талқан болды, үміті өшіп, армандары адыра қалды, саяси міндет алдыңғы орынға шығып, берілген уәделер орындалмады. Бұл апат тарихымыздағы қайғылы күн болып қалмақ. 

Чернобыль трагедиясының ауқымы тек өрт сөндірушілердің, әскери қызметшілердің, мамандардың, медицина қызметкерлерінің кәсіби және азаматтық парызын абыроймен орындауының арқасында ғана азайтылды. Олардың көпшілігі басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін құрбан етті. 

Ең көп зардап шеккен үш мемлекет басынан кешкен Чернобыль қасіреті әсіресе, аумағында бұрынғы Семей ядролық полигоны орналасқан Қазақстанға жақын. Қазақстаннан апатты жоюға Орта Азия республикаларының жалғыз қатысушысы болып табылатын 27-ші химиялық қорғау полкі (20040 ә/б) қатысты. Чернобыль апатына қазақстандықтардың көпшілігі осы полк арқылы қатысты. 
Мамандардың пікірінше Чернобыль АЭС апаты атом энергетикасы тарихындағы ең ірі апат болды. 

2016 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы «Чернобыль апатының ұзақ мерзімді салдары» деп аталатын нөмірі 71/125 қарар қабылдады. Осы қарарға сәйкес 26 сәуір Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күні болып жарияланды.

Бұл күні барлық өркениетті адамзат Чернобыль атом электр станциясындағы оқиғаларды, өмірі мен денсаулығын құрбан етіп радиациялық апатпен күресуге шыққандарды еске алады. Біз осы қорқынышты апаттың салдарын жоюға қатысушыларды нағыз батырлар деп санаймыз және қайтыс болғандардың алдында басымызды иеміз. 

Чернобыль апаты туралы ақпаратты келесі сілтемелерден табуға болады:


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus