Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жеңіс жайлы жырлар жадымда»
27.04.2021
Құрметті оқырмандар!

Абонементтер бөлімі назарларыңызға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің кезекті жылдығына арналған «Жеңіс жайлы жырлар жадымда» атты кітап көрмесін ұсынады.  

Көрмеге соғыс туралы құжаттық куәліктері бар басылымдар: фотоқұжаттар, куәгерлердің хаттары мен әңгімелері қойылған. Олардың ішінде «Блокада» халықтың естелік кітабы, «Жеңіс! Победа!» және «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» фотоальбомдары, «Герои Великой Победы – Казахстанцы» естелік кітабы, әйелдердің соғысқа қатысқаны туралы «Өрт жылдардың отты жандары» кітабы, Светлана Алексиевичтің «Последние свидетели» шығармасы бар.  Б.Момышұлы, М. Ғабдуллин, Қ. Қайсенов, Б. Васильев, К. Симонов, А. Бек, В. Быков, Б. Полевой Д. Гранин және басқа да көптеген танымал авторлардың шығармалары да қызықты және мазмұнды.

Көрмеге келу арқылы сіз тарихқа саяхат жасай аласыз, Кеңес армиясы құрамындағы Қазақ КСР-нің рөлі туралы, сондай-ақ одақтастардың ортақ жауға қарсы күреске қатысуы туралы біліміңізді кеңейте аласыз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus