Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстан мұражайларының коллекциясы»
18.05.2021

 Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Қазақстан мұражайларының коллекциясы» кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.

Қазақстан Республикасы – көп ғасырлық тарихы бар мемлекет. Көптеген жылдар бойы қазақ даласы арқылы жүздеген сауда жолдары өтті, құнарлы жерлерге бай бұл өңірді жаулап алу үшін үздіксіз жорықтар жүргізілді. Қазіргі таңда Қазақстан  мұражайлары мемлекетіміздің өткен бай тарихын жаңа ұрпаққа жеткізуші болып табылады.

Қазақстан мұражайларында ежелгі және қазіргі заманғы зергерлік, сәндік-қолданбалы, бейнелеу өнерінің бірегей бұйымдары жинақталған маңызды коллекциялар бар. Олардың көбі өзіндік тұрмыс салтының тарихи жәдігерлері, Қазақстан халқының адамгершілік және эстетикалық мұраттарын көрсететін ұлттық рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Мұражайлар бүгінде білім беру, мәдени, ғылыми орталық міндетін атқарады. Олар Қазақстанның барлық азаматтарының отансүйгіштік және өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін дамытуға елеулі ықпал етеді.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=xO40FDVe524&t=294s

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus