Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өзекті өртеген жылдар»
26.05.2021
2021 жылдың 26 мамырында Л. Толстой ат. ОӘҒК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Өзекті өртеген жылдар» атты дауыстап оқулар өткізді.

1997 жылдың 5 сәуірінде 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп белгілеу туралы жарлыққа қол қойылды. Іс-шараға Қостанай соқырлар қоғамының мүшелері мен студенттер қатысты. Кітапханашылар қатысушыларға сол жылдары орын алған оқиғалар туралы, жаппай қуғын-сүргін, ашаршылық жайында, осы жылдары қазақстандық элитаның, ғылым мен мәдениет өкілдерінің, саяси тұлғалардың атылып кеткені туралы айтып берді.

Кітапханашылар өз әңгімелерін Ғ. Мәулетовтың «Страх и надежда», В. Шаламовтың «Колымские рассказы» және А.Солженицынның «Архипелаг ГУЛАГ» кітаптарынан келтірілген үзінділермен толықтырды. Бағдарламаға «Халық жауларының әйелдері, әпкелері және қыздары», «Ақмола лагеріндегі әйелдер тарихы» бейнематериалдары және сталиндік озбырлық жылдары жазықсыз жапа шеккендердің бәрін еске алуға арналған А.Ахматованың «Реквием» поэмасы енгізілді.

Іс-шара соңында Клара Галиакпаровна Алтухова солтүстіктегі бұрынғы лагерьлер орындарында жұмыс істеу барысында алған естен кетпес әсерлерімен бөлісті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus