Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мемлекет рәміздерінің мәні»
02.06.2021

4 маусым – Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері күні. Осы күнге орай Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде «Мемлекет рәміздерінің мәні» тақырыптық көрмесі безендірілді.

Көрмеге тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, мемлекеттік рәміздерді қабылдау туралы, олардың мәні мен маңызы туралы басылымдар қойылды.

Көрме материалдары еліміздің бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын көрсетеді. Елтаңба мен тудың бейнелері, әнұранның мәтіні мен ноталары, сондай-ақ еліміздің басты рәміздері жайындағы өлеңдер мен әңгімелер келушілердің назарын аударады. Олардың ішінде Е. Шаймерденовтың «Елтаным», «Қазақстан республикасының тәуелсіздік рәміздері», С. Қирабаевтың «Тәуелсіздік рухымен», «Жыр-тұғырым – тәуелсіздік», «Қазақстан тарихы», «История Казахстана» кітаптары және т. б. басылымдар бар.

Жаңа материалдармен толықтырылып отырылатын тақырыптық көрме 1 және 21 маусым аралығында жұмыс істейді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus