Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жайсан жанды жазушы»
14.06.2021

           Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, прозашы және драматург, көпшілікке кеңінен танымал «Елім-ай» романының аворы Софы Сматаевтың 80 жылдығына арналған «Жайсаң жанды жазушы» атты кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.

        Софы Қалыбекұлы – көптеген романдардың, повестердің, пьесалардың, поэмалардың, опера либреттоларының, әңгімелердің, өлеңдер мен балладалардың авторы. Оның кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Көрменің көрнекті жеріне автордың 25 томдық шығармалар жинағы, «Елім-ай», «Жылдарым-жырларым», «Қайран жастық»,   «Песнь моя – боль моя», «Время первой травы» романдары қойылған. Оның шығармаларының айрықша ерекшелігі өмірдің қаншама қиындығынан аман қалған халықтың тағдыры, тарихи тұлғалар туралы, тәуелсіздік туралы толғаныс, адамдар арасындағы қарым-қатынас және қадір-қасиетті сақтау жолындағы күрес болып табылады.

          Барлық келем деушілерді аталған көрмеге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus