Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес күні
14.06.2021

Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Америка бұрышы «Дамыту» қоғамдық қорымен және Қазақстан жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің Қостанай филиалымен бірлесіп Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізді. Спикер ретінде Нина Косюк сөз сөйледі. Эфир «Балалық шақ жұмыс істеу үшін емес, даму, ойнау, оқу үшін берілген!» ұранымен өтті. Эфир барысында спикер балалар еңбегін пайдалану мәселесі қашанда өзекті екенін атап өтті. Балаларға олардың құқықтарын түсіндіру қажет. Көптеген балалар кейде өздерінің еңбектері пайдаланылып жатқанын түсінбейді. Мәселенің алдын алу үшін бұл туралы айту керек, балаларға еңбекті пайдаланудың заңсыз және дұрыс еместігі туралы айтып отыру қажет.  Сондай-ақ «еңбекті пайдалану» мен «еңбекке баулу» арасындағы айырмашылықты ажырата білу керек.

Қазақстан Республикасы бойынша өмірлік қиын жағдайдағы балалар туралы хабарлауға болатын екі: 11616 және 150 сенім нөмірі жұмыс істейді. Балалар еңбегінің ең нашар түрімен күрес үнемі және тәулік бойы жүргізіледі.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus