Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жан қылы: домбыра қалай жасалады»
01.07.2021

Қазақстанда Халықаралық домбыра күні 2018 жылдан бастап шілденің алғашқы жексенбісінде тойланып келеді.

Осы жылы домбыра күнін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тойлағалы отырмыз. Музыканттар еліміздің түпкір-түпкірін ұлттық аспабымыздың үніне бөлеп, халықты қуантып жатыр.

1 шілде күні Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының көзі нашар көретін жандармен жұмыс атқаратын бөлім ақын, домбыра жасау шебері – Серікбай Оспановпен кездесу ұйымдастырды. Көрермендерге ақынның өз қолымен жасаған домбырасы ұсынылды.

Ақын домбыраның қанша түрі бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай, қалай жасалады, қандай домбыра шеберлерімен кездескені жайында айтып берді.

Іс-шарада «Домбра – наследие народа» атты кітап көрмесі ұсынылды. «Домбра - вечная спутница казаха», «Домбыра – дастан», «Домбыра - күй» атты көрме бөлімдері әйгілі күйшілермен, аспаптың шығу тарихымен таныстырады. Көрмеде Жәкішева З. «Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары», Мерғалиев Т. «Қазақ күйлерінің тарихы», Сейдімбек А. «Қазақтың күй өнері», Тоқтаған А. «Тәттімбет және Арқа күйлері», «Қазақ әндері» сияқты еңбектер және дәстүрлі қазақ күйлері жинақталған СD-диск ұсынылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus