Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Леонид Беда: жизнь, отданная небу»
16.08.2021
2021 жылдың 16 тамызында Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Леонид Беда: жизнь, отданная небу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді, ол «Родина подвига – Родине героя Ерліктің Отаны – батырдың Отанына» халықаралық еске алу және алғыс айту эстафетасы аясында өтті. 

Жобаның негізгі миссиясы – ТМД елдері мен алыс шетелдердің елді мекендері арасында ынтымақтастық орнату, оларды жаудан босату кезінде Кеңес Одағының Батыры атағына және Даңқ орденінің толық жиынтығына лайық ерліктер жасаған жауынгерлерді, сондай-ақ еліміздің болашақ батырларын дүниеге әкелген, тәрбиеленген елді мекендер арасында ынтымақтастық орнату. Жоба жұмысының нәтижесінде іс-шараға ТМД және алыс шетелдердің көптеген қалалары қатысты. Біздің жобаға қатысуымыз жерлесіміз – Ұлы Отан соғысына қатысушы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқышы, авиация генерал-лейтенанты Леонид Игнатьевич Беданы еске алуға арналған. Конференция басталмас бұрын салтанатты рәсім өтіп, Жеңіс саябағындағы Батырдың мүсініне гүл шоқтары қойылды. Жиналғандар ұлы Жеңістің жалпыхалықтық ісіне өлшеусіз үлес қосқан қостанайлық жауынгерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Конференцияға жобаның бастамашысы және үйлестірушісі – ММХҚИ доценті Александр Евгеньевич Ужанов, Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК басшысы Дариха Туребаевна Дюсибаева, Янка Купала ат.  Лида аудандық кітапханасының бас библиографы  Галина Романовна Курбыко, Новопокров негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Фатима Баймаковна Даулетбаева, Лида қаласының 116 гвардиялық авиациялық шабуыл базасының подполковнигі Эдуард Николаевич Жмакин, А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ тарих ғылымдарының докторы, профессор Дмитрий Максимович Легкий, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өкілі Эльмира Маратовна Котова, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Анна Александровна Карпухина қатысты. Конференция қатысушыларының қызықты, эмоционалдық сөздері кездесуді ұмытылмастай етті. Бірлескен жұмыстың нәтижесі Беларуссиядағы Лида қаласымен бауырласу болды. Конференция достықтың бастауы ғана емес, сонымен бірге Батырларды мәңгі есте сақтау мақсатындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалғасы болды. 
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus