Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тіл – халық даналығының қоймасы»
02.09.2021
Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі оқырмандарды «Тіл – халық  даналығының қоймасы» көрме-қарауына шақырады.

Екі бөлімнен тұратын көрме келушілерге көпұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау үшін тілдерді білудің қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі. 

Көрменің «Адамдардың бірлігі жарасса, тілдер де түсіністік табады» атты бірінші бөліміне тілдер тарихы, халықтар достығының үздік дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы баяндайтын әдебиеттер:   «Мы, народ Казахстана», «Қазақстан – қарашаңырағым», «Народы Казахстана» және т. б. кітаптары қойылған. 

Көрменің екінші бөлімі «Қазақ тілі – бәрімізге ортақ тіл» деп аталады. Одан сіздер қазіргі қазақ тілінің қандай жолдан өткендігі туралы материалдарды таба аласыздар. Ең бастысы оның басында кім тұрғанын біле аласыздар. Мұның бәрін оқырман келесі кітаптар мен дискілерден:  «Қазақ тілі», «Қазақша үйренейік», «Абай», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Культура речи», «Учись говорить публично» және т.б. біле алады.

Біздің кітап көрмелеріміз бен іс-шараларымызға қатысыңыздар. Сіздермен болатын кездесуді және әңгіме-дүкенді асыға күтеміз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus