Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстан ғылымының атасы»
03.09.2021
Құрметті оқырмандар!

Абонементтер бөлімі геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері  Ақжан әл-Машанидің туғанына 115 жыл толуына арналған «Қазақстан ғылымының атасы» атты кітап көрмесін ұсынады. Ғылыми ой-өрісінің кеңдігі, араб тілін білуі Ақжан Жақсыбекұлына оның басты еңбектерінің бірі – әлемге ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рөлін ашуға мүмкіндік берді. Көрменің көрнекті жеріне Ақжан әл-Машанидің 16 томдық кітаптар сериясы – «Әл-Фараби көпірі», «Әл-Фараби және Абай», «Табу», «Шаңырақ», «Аль-Фараби и современная наука», «Космос және космология» қойылған. Сондай-ақ көрмеден энциклопедияшы, педагог, геомеханик, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі, жазушы Ақжан әл-Машанидің өмірі, қызметі және шығармашылық мұрасына қатысты кітаптарды көруге болады.

Кітаптар тек ғылыми қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналған.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus