Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі
06.09.2021

6 қыркүйекте Л.Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі  Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ZOOMплатформасында онлайн режімінде «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі» атты микрофон алдындағы оқу өткізді.

Ахмет Байтұрсынов – қазақ қоғам және саяси қайраткері, Алаш партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы.Оның ғылыми еңбектері мен қоғамдық-саяси көзқарастары әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ, олар әлі де жекелеген зерттеушілердің де, жалпы қоғамның да назарын аударып келеді. Сондықтан да Байтұрсынов оқуларын өткізу облысымыздың мәдени және қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға болды.

Оқуға спикерлер: Ибрагим Ағытаев – өлкетанушы, ахметтанушы; Назира Жарымбетова – журналист, ахметтанушы; Гүлбану Сәрсекей – Торғай мұражайлар кешенінің директоры, сондай-ақ Қостанай қ. жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

#Qazaqstan30



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus