Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітап – мейірім мен білімге апарар жол» Әдеби вернисаж
21.09.2021

           Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Рудный қаласында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Кітап – мейірім мен білімге апарар жол» әдеби вернисажын безендірді және оқырмандар назарына ұсынды.   

           Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» ұранымен өтуде.  Бүкілхалықтық оқу үшін белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы үздік 30 шығармасы таңдап алынған.

 

Осы шығармалардың кейбірімен біздің әдеби вернисаждан танысуға болады:

Тұрысбек Сәукетаев «Желқайық»

 Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр»

 Сәуле Досжан «Шығармалары»

 Жұмекен Нәжімеденов

         Ұлыкбек Есдәулет және басқалар.

 

Көрменің басты мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге зерттеушілердің назарын аудару.

Құрметті оқырмандар! 2021 ж. 24.09. дейін жұмыс істейтін кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

#Qazaqstan30

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus