Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жүрек соғысы»
24.09.2021

24 қыркүйек күні Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың жиналыс залында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының дайындауымен қостанайлық ақын және аудармашы Әбдірахман Серғалиұлы Досовты еске алуға арналған «Жүрек соғысы» атты кеш өтті. 

Әбдірахман Серғалиұлы өткен жылдың шілдесінде кенеттен қайтыс болды. Ол «Алтын көпір» бірінші халықаралық аудармашылар байқауының лауреаты, А. Н. Толстой ат. халықаралық балалар мен жасөспірімдер көркем әдебиеті байқауының дипломанты, көптеген халықаралық, республикалық және облыстық әдеби байқаулардың жеңімпазы және лауреаты, Қостанай меценаттар клубының «Әдебиет» номинациясы бойынша «Қазына» сыйлығының бірнеше мәрте иегері, 5 кітаптың авторы.

Сонымен қатар Әбдірахман Серғалиұлы белгілі қазақ авторларының поэтикалық, прозалық және драматургиялық шығармаларын аударды.

Ақынды еске алуға қаламдас жолдастары, туыстары, оның шығармашылығын ұнататындар, Қостанай педагогикалық колледжінің оқушылары, ардагерлер қауымының өкілдері келді.  Кешке келгендер арасынан ақын, прозашы, аудармашы және драматург А.Қ. Шаяхмет, ақын және педагог А. И. Суслова, ақынның жесірі Ш. Т. Досова, қоғам қайраткері, публицист, ақын А. С. Денисов, көп жылдық еңбек өтілі бар мәдениет қызметкері Т. М. Королева сөз алды.

Кеште А.С. Досовтың өлеңдері оқылып, оның өлеңдеріне жазылған әндер орындалды, жерлесіміздің соңғы сұхбатынан үзінділер ұсынылды. Сондай-ақ келушілер Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қорынан және ақынның жеке мұрағатынан алынған бірегей басылымдар қойылған суретті кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік алды.

#Qazaqstan30

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus