Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қаһарманға көрсетілген құрмет
15.10.2021

14 қазанда Л. Н.Толстой атындағы ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері Қостанай политехникалық жоғары колледжінен келген еріктілер Довуд Фатохович Восиев, Марсель Рамилевич Зарипов және Әділет Таңатқанұлы Сарекинмен бірге Әділ Мақсатұлы Дикетаевтың («Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық бірлестіктермен жұмыс және этносаралық қатынастар саласындағы мониторинг бөлімінің басшысы) басшылығымен екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Леонид Игнатьевич Беданың анасы Мария Антоновна Беданың қабірін ретке келтірді.  

Бұған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Л.И. Беданың есімін мәңгі есте қалдыру жөніндегі «Родина подвига – Родине героя» халықаралық еске алу және алғыс айту эстафетасы аясында «Лида - Қостанай» бауырластар тобында жүргізілген ауқымды жұмыс себепші болды: Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК кітапханашылары атақты жерлесіміздің ата-анасының қабірін іздеп тапты. Өкінішке қарай қаһарманның Қостанайда тұратын жақын туыстары жоқ. Киевте тұратын ағасы Николай Игнатьевич қабірлерді күтуге рұқсат берді. Зираттарды табуға көмектескен, Николай Игнатьевич Бедамен қарым-қатынаста делдал болған Надежда Никифороваға ерекше алғыс білдіреміз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus