Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Елі сүйген Қостанай»
15.10.2021

15 қазанда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК жиналыс залында өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қостанай облысының құрылғанына 85 жылдығын мерекелеу аясында «Елі сүйген Қостанай» атты өлкетану арт-салонын өткізді.

Қостанай жері таланттарға бай. Көптеген жергілікті ақындар, музыканттар, суретшілер, актерлер өз қалаларын сүйеді және сүйіспеншіліктерін тамаша өнер туындылары арқылы білдіреді. 

Бұл өлкетану арт-салонының мақсаты – жастарға да, шығармашылығын енді бастағандарға да, сондай-ақ қалыптасқан, танылған авторлар мен орындаушыларға да туған қаласына деген сүйіспеншілігін жеткізуге мүмкіндік беру, олардың шығармашылығын қала тұрғындары мен студент жастар арасында насихаттау.

 Өлкетану арт-салонына «Ковчег», «Крылья», «Prata Martis» әдеби бірлестіктері, сондай-ақ А.И. Суслова секілді танымал авторлар, «63» шығармашылық ұжымы, Қостанай қуыршақ театрының актері Д. Норка, облыстық драма театрының әртісі  Татьяна Захарченко қатысты. Шақырылған қонақ ретінде Нұр-Сұлтан қ. келген музыкант Павел Чилига өнер көрсетті. #Qazaqstan30
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus