Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Хоровод мыслей»
26.10.2021

        2021 ж. 26 қазанында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК жиналыс залында танымал қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ басқарма төрағасы Вадим Быковпен «Хоровод мыслей» атты кездесу өтті. Ол бірнеше жанрда жұмыс істейді: портреттер, пейзаждар жазады, жануарлар жанрына құмар, кейде жанрдан тыс жұмыс істейді.

        Вадим Быков 2000 жылдан бері облыстық, республикалық және жеке көрмелердің қатысушысы болып табылады. «Молодые – ХХІ веку» облыстық көрмесінің лауреаты, III «Шабыт» халықаралық фестивалінің  қатысушысы.

      «Арт-студияның» ұйымдастырушысы болып табылатын ол педагог, психолог және тәрбиеші ретінде еңбек етеді. Студия оқушыларының жұмыстары көрермен назарына бірнеше рет ұсынылып үлгерілді.

      Кездесуге  ҚР Суретшілер одағының мүшелері С.И. Шалунова, С.Д. Луговой, О.В. Кусков, қоғам қайраткері, журналист Аркадий Семенович Денисов шақырылды. Кездесуге қатысушылар қолөнердің қыр-сыры жайында сұрақтар қойып, сурет салу барысындағы суретшінің тәсілдері жайында білді және өз пікірлерін білдірді.

#Qazaqstan30

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus