Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ән тарту»
08.11.2021

2021 жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында көру қабілеті нашар адамдар арасында екінші рет «Ән тарту» вокалдық байқауы өткізілді. Оны өткізуге бастамашы болған Л.Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өз оқырмандарының дарынын ашуға, олардың вокалдық қабілеттерін дамытуға және сол арқылы олардың өз күштеріне деген сенімділікті ұялатуға тырысып келеді.

Биыл таланттарды бірден екі номинация: «Вокал» және «Дуэт» номинациялары бойынша қатыстыру туралы шешім қабылданды. Көрермендерге өз шығармашылықтарын көрсету үшін Қостанай және Рудный қалаларынан ерекше қажеттіліктері бар 9 дарынды адам жиналды.

Байқауға қатысушылармен бірге дуэтте алғашқы күннен бастап вокалдық байқауға қатысушыларды дайындауға белсенді қолдау көрсеткен Е.Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармониясының кәсіби әртістері Нұржан Жақсан, Жәнібек Жұмахан, Ақния Жеңіс өнер көрсетті. Бұл номинацияда орындар келесідей ретпен бөлінді: I орын – Сұлтангалиева Данна - Ақния Жеңіс, II орын – Грачева Анна - Жәнібек Жұмахан, III орын – Жандарбеков Байгүл - Нұржан Жақсан.

 Рудный қ. «Орбита» демалыс орталығының музыкалық жетекшісі Наталья Павловна Круглова мен Рудный қ. № 11 орта мектебінің вокал бойынша оқытушысы Наталья Владимировна Данилевская Айсұлу Байболованың, Сергей Крупининнің және Елена Лазареваның нағыз тәлімгерлері ретінде танылды.

    Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, қойылымдарды бағалау өте қиын болды, өйткені ұсынылған әр нөмір өзінше бірегей болды, ал қатысушылардың сәнді костюмдері жұрттың бәрін таң қалдырды. Нәтижесінде барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды, ал Елена Лазарева (көру қабілеті бойынша 1 топтағы мүгедек) жеке дара көш бастады.

 «Бұл байқауда ең бастысы әр адам өз күшіне деген сенімсіздікті, өзінің кемшіліктері мен қорқыныштарын жеңе білді»,-дейді ұйымдастырушылар.

Демеушілердің қолдау көрсетуінсіз бірде-бір іс-шара өткен емес. Біз «Оазис» гүл дүкеніне, сондай-ақ «Мирас» мәдениет үйінің әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.

#Qazaqstan30

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus