Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мақсатсыз өмір – мәнсіз тіршілік»
11.11.2021
11 қарашада Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының қызметкерлері Абонементтер бөлімімен бірлесе отырып әлемге әйгілі классик Федор Михайлович Достоевскийдің туғанына 200 жыл толуына арналған кеш ұйымдастырды. 

Кеште жазушының ең танымал төрт шығармасына: «Идиот», «Преступление и наказание», «Братья Карамазовы» және «Бесы» атты туындыларына егжей-тегжейлі шолу жасалды. Қостанайлық белгілі музыкант Талғат Мұхамеджановтың фортепианода өнер көрсетуі, сондай-ақ «63» шығармашылық ұжымының «Достоевский жив» әнін орындауы кештің музыкалық сыйлығы болды.  

Іс-шараның соңында қонақтар арнайы дайындалған плакатқа өз пікірлерін қалдырды. Студенттер мен қаланың шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысқан кеш келушілердің көңілінен шығып, олардың жақсы пікірлеріне ие болды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus