Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жанға ашпаған сырымды саған айтам»
12.11.2021
12 қарашада Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының қызметкерлері № 27 орта мектепте Қостанай қаласының танымал жазушысы және педагогы А.И. Сусловамен көшпелі іс-шара өткізді.

Кездесуге мектеп басшысы Б. К. Исетова, педагогтар, кітапханашылар, алтыншы және үшінші сынып оқушылары қатысты. Александра Ильинична өзінің шығармашылығы туралы, жарыққа шыққан және шығаруға дайындалып жатқан кітаптары туралы, өзі қатысқан байқаулар мен өзінің неден шабыт алатыны туралы айтып берді. Әдеттегідей автор өзінің өлеңдерін оқыды. Балалар әр шығарманы селт етпестен тыңдады. Өз кезегінде оқушылар Александра Ильиничнаның өлеңдерін жатқа оқып, көптеген сұрақтар қойды, іс-шарадан кейін көпшілігі қонақтан қолтаңба алуға асықты. Қонақ өзінің шығармашылығына осынша қызығушылық танытқан жерлестеріне ризашылығын білдірді. Шара соңында мектеп кітапханасына бірнеше кітабын сыйға тартты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus