Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ғалым. Тарихшы. Патриот»
17.11.2021
17 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, тамаша педагог, еліміздің зиялы қауымының ең көрнекті өкілдерінің бірі Манаш Қабашұлы Қозыбаевқа арналған «Ғалым. Тарихшы. Патриот» атты еске алу кешін өткізді.

Шараға қатысқан профессор, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы Манаш Қозыбаевпен болған естен кетпес кездесулері туралы айтып берсе, «ЧелМУ» Қостанай филиалының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының профессоры Самаркин Сергей Владимирович көрнекті ғалым-тарихшының шығармашылық мұрасына тоқталды, А.Байтұрсынов ат. ҚӨУ философия кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, тарих магистрі Качеев Денис Анатольевич академиктің ғылыми дұмыстарын зерттеудегі алғашқы қадамдарымен бөлісті, организованного в школе., ал Қостанай қ. «М.Қозыбаев ат. №23 ОМ» ММ тарих пәнінің мұғалімі Қайырбек Әлия Құмарқызы мектепте ұйымдастырылған мұражайдың жұмысын көрсеткен қызықты бейнематериал ұсынды. 

Кітап көрмесі, электронды көрсетілім, бейнефильм, Манаш Қабашұлымен кездескендердің естеліктері – осының барлығы кешке ерекше жылулық берді, жиналғандардың жүзінен жерлесімізге,  өз елінің нағыз перзентіне деген құрмет пен ризашылық, таңданыс пен мақтаныш сезімі аңғарылып тұрды.

Манаш Қабашұлы Қозыбаев көрнекті қоғам қайраткері, парасаттылық пен зиялылықтың үлгісі, біртуар ғалым, бар болмысымен елін сүйген ұлан, қазақстандықтардың рухани егемендігі үшін күрескен қаһарман болды және біздің жадымызда осындай жан болып қала бермек.

#Qazaqstan30
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus