Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әлем мойындаған көшбасшы»
25.11.2021
Мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Әмбебап оқу залы «Әлем мойындаған көшбасшы» портрет кешін өткізді.

Іс-шараға профессор, саясаттанушы, ҚР құрметті журналисі, Қостанай облысының құрметті азаматы Сергей Харченко және «Қостанай таңы»газетінің бас редакторы, ҚР құрметті журналисі Жанұзақ Аязбеков қатысты. Олар Қазақстанның тұңғыш Президентімен болған кездесулерден алған әсерлерімен бөлісіп, еліміздің жас азаматтарына кеңестер берді.

Кездесуге қатысушылар Н.Ә. Назарбаев Президенттің жұмыс күні қалай құрылатыны және адамдардың тағдырына байланысты маңызды шешімдерді қабылдаудың қаншалықты қиын болатыны туралы айтып берген деректі фильмді тамашалады.

Іс-шараға Қостанай қ. шығармашылық жастары қатысты. Қазақстан туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. «Мирас» МС домбырашысы домбырада музыкалық шығарма ойнады.

Студенттер мен іс-шараның қонақтары кітапхана қорынан алынған  басылымдар қойылған «Әлем мойындаған көшбасшы» кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік алды.

#Qazaqstan30
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus